Ұлтаралық және конфессияаралық келісім
Ұлтаралық және конфессияаралық келісім
15.03.2021
2563
0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына айрықша мән берді. Сондықтан, мемлекеттік ұстанымға сай, еліміздегі барлық ұлттар арасында достық қарым-қатынас орнатып, олардың ауызбіршілікте өмір сүруі және түрлі діндер арасында өзара ынтымақтықтың орнауы берік қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде, қазіргі таңда елімізде ұлтаралық тату-тәтті қарым-қатынас пен қоғамдық келісімнің үлгісі қалыптасқан.

Кез келген ел даму барысында  жоғары сатыда көріну мақсатында түрлі келісімге отыратыны белгілі. Бүгінгі таңда әлемнің дамуы тікелей және жанама түрде жаһандық үрдістерге байланысты болатыны айқын. Сол себептен түрлі өркениеттер мен мәдениеттер арасында көптеген келісімдер жүргізіліп келеді.

Әр мемлекеттің діни, дәстүрлі, мәдени аймақтар мен өркениеттерді біріктіретін үлкен жүйесі болады. Сондықтан, әр этностың бірлігін, тұтастығын, үйлесімін сақтауға үлесін қосу ең алғашқы шарттардың бірі болып табылады.

Осы орайда атап өтер жайт, еліміздегі барлық этностардың өздерінің ұлттық тілі мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениетін дамытуға деген ұмтылысын, ынтасын байқап, еліміз барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіп қана қоймай, ұдайы қолдап отырады. Елбасының елімізде нәсiлдiк, этникалық, тiлдiк, дiни және өзге де белгiлерiне байланысты кемсітуге жол бермеy туралы нақты ұстанымын да айта кеткен жөн. Бұл бағытта елімізде бірде бір заң жоқ. Яғни, еліміздегі барша ұлттың баласы теңдікте өмір сүріп жатыр деуге болады.

Дін өкілдерінің әлем халықтарына ортақ болып табылатын тұсы, олардың түрлі игі бастамаларда ұштасуы үшін жасайтын ортақ қызметі болып саналады. Түрлі мақсат-ниеттегі дін өкілдерін қоғам қажеттілігі ретінде әлемдік қауымдастық жолында қарастыруымыз қажет. Расымен де, діннің біріктіруші күші болған жағдайда дәстүрлер мен адами құндылықтардың тұтастығы  жаһандық деңгейде төтеп беруге әлеуеті жететіндей  жоғарылатуымыз керек.

Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы кезеңде еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты, конфессияаралық жағдайды қолға алу керек болды. Жағдайды тез бағдарлап үлгерген мемлекет саясатының арқасында осы жылдар ішінде еліміздің бірлігі бұзылған емес.

Әртүрлі этностардың түрлі сенімде болатыны айтпаса да белгілі. Сол себептен, мемлекеттің бірлігімен қоса діни көзқараста да тұтастық қажет болды. Соңғы жылдары еліміз дін саласында біршама мәселелерді шешіп, діни жаңғыруды бастан өткізіп жатыр. Шындығында, теріс саясаттың салдарынан бір кездері атеистік көзқарасқа ие болған еліміздің біршама бөлігі дінге сенушілердің қатарына өте бастады. Сонымен қоса, «Ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстандық моделін жаңғырту жөніндегі 2006-2008-жылдарға арналған бағдарлама» қабылданып, жүзеге асырылды. Осы бағдарламаның арқасында талай мәселелердің шешімі табылды. Ал, 2011 жылы елімізде Дін істері агенттігі құрылды. Жаңадан құрылған агенттік осы саладағы түйткілді мәселелердің шешілуіне себепші болды. Сонымен қатар, сол жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң қабылданып, жаңа заңның талабына сәйкес діни ұйымдарды қайта тіркеу жүзеге асты. Осы орайда, елімізде сол жылдары көптеп таралған әртүрлі діни бірлестіктерді сүзгіден өткізіп, жауапкершілігін көтерді. Аталмыш Заңды қабылдар алдында елімізде 50-ге жуық конфессияларды білдіретін 4500-ден астам діни қауымдастық бар еді. Оларды қайта тіркеу нәтижесінде он жеті деноминацияны білдіретін 3100-ден аса діни бірлестіктер қалғаны белгілі. Бұл  дер кезінде шиеленіскен мәселені қолға алып, шешілуіне себеп болған дүние. Расында, бір мемлекеттің астында он жеті конфессияны насихаттайтын үш мыңнан астам діни бірлестік пен жүзден астам этнос өкілдерін тату-тәтті ұстау үлкен күш-жігерді қажет етеді. Дегенмен, елімізде тиімді жүргізілген саясаттың арқасында мүмкін болып отыр.

Мемлекетімізде мұсылман емес конфессиялардың күрт артқан кездері болған. Бірақ, олардың арасында діни сенім қайшылығы болмауын мемлекет саясаты қолға алды. Сонымен қатар, елімізде салынып жатқан мешіттер мен шіркеулердің саны артып, халықтың діни сауатын арттыру мақсатында дінтанушылар шекара асып, діни білімдерін жетілдіріп келді. Мұның өзі дінге қатысты құрметті арттыра түсті. Ел ішінде дінге бет бұрған азаматтардың қатары арта түскені осының дәлелі болып табылады.

 

 Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын

ұйымдастыру және үйлестіру

бөлімінің басшысы    Қ.Салықбаев 

0 пікір