Адами құндылықтардың қалыптасуына діннің тигізетін әсері
Адами құндылықтардың қалыптасуына діннің тигізетін әсері
12.05.2021
1220
0

Ислам ойлауды, іздестіруді және үйренуді бұйырып, ақыл мен ғылым негіздеріне сүйенеді. Ислам – жүйелі және әлемдік өркениет діні. Жұмыс істеп, табысқа қол жеткізуді бұйырады. Басқарудың халық еншісіндегі нәрсе екендігіне сүйенеді, ал үкімет халық егемендігінің өкілі болып саналады. Бұл тұрғыдан алғанда заңдар барлығы үшін бірдей тең түрде жүзеге асырылатыны анық. Қоғамдық өмірде көмек беруге және қолдау көрсетуге, әділеттілікке үйретеді.

Ислам – түсінуге жеңіл дін. Сенім, ғибадат және мораль негіздері бойынша да қарапайым және жалпыға бірдей. Мұсылман болуды, Алланың бар екендігін және жалғыз екендігін растау негізіне сүйенеді. Алланың бар және жалғыз екендігіне иман еткен, хазіреті Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбарлығын қабылдаған, оны растайтын әрбір адам «Мұсылман» сипатына ие болады. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының бұрынғы төрағасы,бас мүфти Әбдісаттар Дербісәлі Иман журналында  жарияланған  (№3-10) «Дінді сату – Отанды сату» атты мақаласында осы жағдайға байланысты былай дейді: «Ислам басқа діндерге және олардың өкілдеріне кешірімді болып, түсінікпен қарауды бұйырады. Қазақстан әр түрлі діндер мен мазхаб өкілдері тәуелсіз және кешірімді ортада өмір сүруде.

Қазақтың әдептілік, әділдік атты құндылықтарын қазақ философиясы баға жетпес қазына деп таниды. Осындай ұлт намысының абыройының, қадір-қасиетінің қаншалықты жоғары деңгейде бағаланғанын аңғаруға болады. Кез келген адамның адами санасы мен мінез-құлқын анықтайтын бірінші психологиялық қасиеті ар-намысы. Бұл – жеке тұлғаның адамның бойындағы адалдық, шыншылдық, ар, абырой, тектілік, әділеттілік, ұят, көргенділік дейтін құнды қасиеттерді бағалайтын жүйелі моральдық мәдениеттілік, саналық этика мен әлеуметтік психологиялық ұғым.

Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды тәрбиелік міндеттер: біріншіден, рухани-адамгершілік, руханилық, әсемдік, ақиқат, ізгілік, еркіндік, рахымшылдық, кешірімділік, тәуелсіздік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтардың өмірге еркін ене бастауы; екіншіден, жалпы адамзаттық құндылықтармен қатар, ұлттың өз мәдениетін меңгере отырып, әлемдік рухани ынтымақтастық рухта басқа ұлттармен бейбітшілікті сақтау; үшіншіден, оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, жан дүниесін адами құндылықтар арқылы рухани - адамгершілік пен руханилықты берік орнықтыруында.

Көне заманнан бері халқымыз ұрпақтан ұрпақ­қа мұра ретінде қалды­рып, отба­сылық, ұлттық құнды­лық­тар­ды адамның бойындағы адалдық, әділдік, азаматтық, ауызбіршілік, адамгершілік сияқты құнды қасиеттердің бағасы жоғары болған.

Кеңес өкі­меті кезінде «біртұтас еңбек қоғамы» құн­дылығы халық санасына жасанды түрде таңылған. Алайда Ке­ңес өкіметі құлдыраған соң белгісіздік кезеңі келіп, көп­ші­ліктің бір мезгілде өмір туралы түсінігі өзгерді, бей­­таныс әлем­ге бет бұр­ды. Жаңа әлемде ұлт­тық құн­дылықтарымыз бір­тін­деп материалдық түсі­нік­термен ауыса бастады. Дегенмен, әр заманда әр уақытта да ақ пен қараның, жақсы мен жаманның арасында текетірестің болып отыратыны адамгершілік қасиеттердің құндылығын жойып, құнсыздыққа айналдырып жіберетін іс-әрекеттер, жағдайлар қоғамда болып жататындығынан хабарымыз бар.

Адами қарым-қатынастарды мәдени – әлеуметтік реттеудің маңызды тетігі болып табылатын – дін өз қызметінде өмір мен өлімнің түбегейлі, болмыстық тұрғыдағы, экзистенциалдық мәселелерін қозғап, өзіндік шешімін ұсынады. Сонымен бірге адам ғұмырының тәндік шектілігінен туындайтын түңілу, қайғы-мұң және мағынасыздықты жеңуге ұмтылу, адами ізденісті рухани жетілдіруге, адам бойындағы адагершілікті сақтап қалуға, қасиетті көре білуге шақырады. Осы орайда, діни құндылықтар бағдарларының жарасымды жақтарын айта келе, біз адамзат тіршілігінің барлық проблемаларын шешетін, абсалютті, әмбебап тетік деп те айта алмаймыз. Еркін де бейбіт қоғамда өмір сүру құқығына тек діни наным ғана емес, оған қоса діни қағидаларға күмәндану, секуляризм және атеизм де жатады.       

Жүрек (сәлим) тазалығының белгісі ретінде – Пайғамбар (с.а.с) керемет ахлағына сәйкес ахлақ иесі болуға тырысып бағу. Өйткені Пайғамбар (с.а.с)  барша істерінде үмбеті үшін нағыз үлгі де, өнеге.

Жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру – рухани азғындықтан шығудың ең басты жолы. Сондықтан, қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Өкінішке орай, қазіргі уақытта пандемияның әсерінен әлеуметтік желілерге байланған көптеген жастар, тіпті ересектер де жастардың жүзбе-жүз сұқбаттасудың орнына, әлеуметтік желілер арқылы қарым-қатынас жасауды жөн көреуде. Ең басында сабақ оқып, ескі, таныс достарымен сөйлесу мақсатында қолданамын деп, соңында өзімшіл, жеккөрушілік, қатыгездік пен зорлық-зомбылықа толы бейнежазбалардың салдарынан адамзатқа жағымсыз әсер ететін адами құндылықтардың дағдарысы мен жоғалуы орын алуда. Соның себебінен қарттарды сыйламайтын жастар белең алуда.

Адамның кемелдену жолдарын, оған кесірін тигізетін кеселді мінез сипаттарын данышпандықпен зерделеген Абайдың: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашық болу керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық», - деп айқын айтуы тегін емес.

Әлеуметтік желілерге байланып, негативті жалған ақпараттарды қабылдап, таратқанша, алтын уақытымызды оңды істерге пайдаланғанымыз жөн. Мысалы кітап оқып, қарым-қатынастарымызды реттеп, үй ішін таза ұстап, физикалық жаттығу жасап, онлайн дағдыларын игеріп, позитивке аса мән беретін болсақ − Абай хәкім айтқандай,

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.                                                                

Сонда толық боласың елден бөлек − деп,  үш қасиетті бірдей ұстау – есті адамға тән мінез. Үшеуі бірге жегілуі үшін керегі – Тәңірі үшін махаббат қылу. Сол кезде «толық адам» болып шығатынымыз хақ. Бірақ, пандемия  − ақыр заман емес. Ол да келді енді кетеді. Одан кейін заман да, адам да өзгермек. Жаңа әлемге біліммен қадам басуымыз керек. Жүректегі сеніммен, білектегі күш, ынта мен жігерді қоса ұстауымыз керек.  Қазіргі қиындықтар - бұл біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Бар қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік». Еліңді,жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыс­тарымызды, осы ауыр заманнан,тыныш бейбіт заманға  қадам басарымыз айқын.

 

 

Түркістан облысының дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – нің

теолог маманы                                                                       Б.Нұртіллә               

0 пікір