
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Қайрат Салықбаев қатысты.
Кездесудің мақсаты дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, діни экстремизм мен теріс діни ағымдардың алдын алу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, шетелде діни білім алудың қауіптілігі жайлы кеңінен түсіндірілді. Кездесудің соңында қойылған сұрақтарға теолог маман тарапынан толық жауап берілді.