ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында Деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжі және Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі студенттерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Мырзабай Қайсар қатысты.
Кездесудің мақсаты жастар арасында дұрыс рухани бағыт-бағдар беру, дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, діни экстремизм мен теріс діни ағымдардың алдын алу, ұлттық құндылықтарды насихаттау жайлы түсіндіру болды.
Кездесудің соңында қойылған сұрақтарға теолог мамандар тарапынан толық жауап берілді.