Жиында Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, ТҚК-ның жұмысшы топ аппаратының басшысы И.Абулхайров, облыстық дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы деструктивті діни ағымдардың алдын алу бағыттары бойынша кеңес өткізді. Жиынды Созақ ауданы әкімінің орынбасары А.Сатыбалды жүргізіп отырды. Жиналыс барысында елімізде тыйым салынған экстремистік-террористік діни ұйымдар және олардың ерекшеліктері мен қауіптілігі түсіндірілді. Жиынға қатысушылар тарапынан аудандағы мешіт жамағатының иммунитетін күшейту керектігі айтылды. Сондай-ақ теріс діни ағым мүшелерінің идеологиясының алдын алу жолдары талқыланды.
Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, ТҚК-ның жұмысшы топ аппаратының басшысы И.Абулхайров: «Елімізде ислам дініне қатысты мәселеде арқа сүйер бір ғана шаңырақ бар, ол – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Еліміздегі мұсылман қауымы осы қарашаңырақтан шыққан пәтуаға бойсұнып, діни бірлігімізді паш етуі керек. Сол кезде жат ағымның алдын алатын боламыз. Сондықтан жат ағымдарды алдын алу үшін және жамағаттың бойында түрлі теріс бағыттарға қарсы діни иммунитет қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру маңызды»-деп атап өтті.
Облыстық дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы: «Қазіргі таңда деструктивті діни ағым жетегінде кеткен азаматтармен жұмыс мемлекеттің дін саласындағы саясатының басым бағыты болумен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жоғарыда атап өткен «бес бағытының» бірі екендігін естен шығармасаңыздар. Сондықтан алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды бірлесіп жандандырамыз деген ойдамын»-деді.