ХҚТУ студенттеріне АТТ жұмыстары жүргізілді
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде "Жаратылыстану ғылымдар" факультетінің студенттерімен Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы-теолог маманы Жорабек Жалғас Мұхтарұлының қатысуымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында жалпы кездесу өткізілді.