Бүгін Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметкерлеріне дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында жалпы кездесу өткізілді.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы С.Жүсіпбек және Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімінің басшысы, дінтанушы-теолог маманы Ж.Жорабек қатысты.
Дінтанушы-теолог маман еліміздегі деструктивті діни ағымдардың әрекет етуі және олардың алдын алу, ҚР Соты арқылы тыйым салынған діни ұйымдарға тоқталып, экстремизм және терроризм түсініктерін айқындай отырып, олардың мағынасын жан-жақты түсіндірді. Интернет ресурстарындағы ақпараттарды, пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндады. Сондай-ақ жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен ютуб видеоресурсында деструктивті діни ағымдардың уағыз насихаттары кең таралған. Облыс көлемінде жыл басынан ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес құқық бұзушылық фактілері жөнінде ақпарат берілді. Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндады.
Қатысушыларға діни мазмұндағы ақпаратты іздеу барысында тек қана ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды оқуға ғана болатынын ескертті.
Кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға, теолог маман тарапын тиісті жауаптар берілді.