Републикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Шардара ауданында
Републикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Шардара ауданында
18.05.2023
596
0
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежановпен бекітілген жоспарға сәйкес, дін саласы бойынша аудан көлемінде Республикалық ақпараттық-түсіндіру топ (РАТТ) мүшелерінің қатысуымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында аудандық орталық кітапханада, №16 Шардара колледж студенттері және ұстаздарымен, Қ.Тұрысбеков ауыл округінде орналасқан мектептердің жоғарғы сынып оқушылары және мұғалімдерімен кездесті. «Ұлттық құндылықтар - Бабалар жолы», - тақырыбында семинарға Қызылорда облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ - нің теолог маманы Б.Оспанов, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ - нің директоры М.Халыков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мүталиев кездесті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов қонақтармен таныстырып, Республикалық ақпараттық - түсіндіру тобының мүшесі теолог маман Оспанов Бахтияр Есенкелдіұлына сөз кезегін берді.
Қызылорда облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ - нің теолог маманы Оспанов Бахтияр Есенкелдіұлы: Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері - рухани және адами қасиеттері, моральдық нормалары, ұлттық құндылықтары бар. Ұлттық құндылықтар - қандай да бір этникалық қауым өкілдерінің өзіндік тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы. Ұлттық құндылықтардың әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше екені белгілі. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие - ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. Өйткені, мұнда тәрбиенің негізі ғасырлар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен моралдық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір - салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайтынын атап өтті.
Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ - нің директоры Халықов Медет Мұзапбарұлы:Ұлттық құндылықтар - ұлттық идеяның негізгі өзегі, ұлт қалыптасуының басты факторларының бірі. Осы ұлттық идеяны іске асыратын басты фактор мемлекет болып табылады. Сондықтан да осы мемлекеттік іске салғырт қарамай ұлттық идеяның негізгі бағыттарының тетіктерін жасау қажет. Ұлттық идея - туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт - санасы, әдет - ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ал, осы ұлттық идеологиямыз әлсіз болса барлық салаға өзінің кері ықпалын тигізетіні шүбәсіз екенін тілге тиек етті.
 
Возможно, это изображение 4 человека, помост и текст
 
Возможно, это изображение 2 человека, люди учатся и текст
Возможно, это изображение 12 человек и текст
Возможно, это изображение 7 человек и люди учатся
Возможно, это изображение 5 человек, люди учатся и текст
 
Нет описания фото.
 
Возможно, это изображение 3 человека и толпа
Возможно, это изображение 5 человек, люди учатся и толпа
Возможно, это изображение 3 человека и помост
Возможно, это изображение 8 человек и помост
0 пікір