ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
29.05.2024
421
0

Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері және ислам, шетелдерде діни теологиялық білім алудың қауіптілігі
Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қ.Салықбаев, ауданның бас имамы А.Керімбаев ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Е.Шарапов және аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұ.Мұратбекпен бірлесіп Шұбар ауыл округінде орналасқан "Д.Қонаев" жалпы орта мектебінде, Бөржар ауыл округінде орналасқан "Абай" жалпы орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті.
Кездесуде "Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету" мақсатында діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алуға бағытталған ақпараттық- түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын соңында оқушылар тарапынан аталған тақырып бойынша түсіндіруден кейін өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, сауалдарына теолог маманының тарапынан түсінікті әрі тұщымды жауаптар берілді. 

0 пікір