МКҚБ ММ 2-ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНА АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
МКҚБ ММ 2-ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНА АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
30.05.2024
513
0

Бүгін ҚР ІІМ Түркістан облысының МКҚБ ММ 2-Полиция батальонына дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алу, халық арасында дәстүрлі дінімізді таныту, бүгінде қоғамдық-саяси өміріндегі діннің асыл рөлі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы                  С. Жүсіпбек және Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімінің басшысы, дінтанушы-теолог маманы Ж.Жорабек қатысты.

Іс-шарада дінтанушы Ж.Жорабек: Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт - дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жатқандығы оның айқын дәлелі екендігі туралы айтылды.

Сондай-ақ жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен ютуб видеоресурсында деструктивті діни ағымдардың уағыз насихаттары кең таралған. Облыс көлемінде жыл басынан ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес құқық бұзушылық фактілері жөнінде ақпарат берілді. Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндады.

Қатысушыларға діни мазмұндағы ақпаратты іздеу барысында тек қана ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды оқуға ғана болатынын ескертті.

Кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға, теолог маман тарапын тиісті жауаптар берілді.

Возможно, это изображение 5 человек, люди учатся и стол

Возможно, это изображение 8 человек и люди учатся

Возможно, это изображение 9 человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение 4 человека, люди учатся и текст

Возможно, это изображение 4 человека, люди учатся, стол, отдел новостей и текст

 

 

 

 

0 пікір