ЖАТ АҒЫМДАР ЖАРЫЛҚАМАЙДЫ
Бүгін ауданда дін мәселесін түсіндіру, дәстүрлі діннен теріс діни бағыттардың ара жігін ажырата білу және деструктивті діни бағыттарға тәуелді болудың алдын алу мақсатында кездесу өтті. Кездесуге арнайы қатысқан Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы, дінтанушы маманы Жорабек Жалғас Мұхтарұлы, аудандық жастар ресурстық орталығының теолог маманы Сауытбаева Назира Нұржанқызы Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде болып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс шара барысында мамандар дәстүрлі исламның қазіргі кездегі пайда болып жатырған теріс діни ағымдардан айырмашылығын, олардың қоғамға келтіріп жатырған зияндары туралы мәлімет бере отырып, қатысушыларға өзін және жақындарын теріс діни ағымдар шырмауынан алшақ болу үшін дұрыс тәрбие бере білу керектігін түсіндірді. Қазіргі уақытта жастарымыздың көбісінің діни білімінің төмендігінен алдау-арбауға оңай беріліп, адасып жатырғанын мысал келтіре отырып жеткізді. Теріс діни ағымдарға тәуелді болудың алдын алу және исламдағы отбасы мәселесі жайында кеңінен түсіндіріп, балаларына, жастарға тәрбие бере отырып, дұрыс бағыт беруге шақырды.Жиын барысында қатысушылар теолог мамандарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, көкейдегі сұрақтарына тұщымды жауаптар алды.
Көп оқылғандар
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жүргізілді
Бүгін “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлының онлайн және оффлайн форматта қоғамдық қабылдауы өтті.
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
САУРАН АУДАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ