ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ БАБАЛАР ҰСТАНҒАН ЖОЛДЫ ЖАҢҒЫРТУ
ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ БАБАЛАР ҰСТАНҒАН ЖОЛДЫ ЖАҢҒЫРТУ
19.05.2023
535
0
2023 жылдың 15-19 мамыр аралығында «Түркістан облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасын іске асыру көзделген. Осы мақсатта арнайы құрлыған республикалық ақпараттық түсіндіру тобы өңірімізде семинар-кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ондағы басты мақсат облыс аумағында дін саласында қызмет атқаратын имамдар мен теологтардың біліктілігін арттыру, тұрғындар мен жастар арасында рухани, адами қасиеттер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жұмыс барысында туындайтын кемшіліктердің алдын-алу.
Бүгін аталған жұмысшы топ Отырар ауданына арнайы келіп Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің студенттерімен, аудан жастарымен «Рухани - адамгершілік құндылықтарды, ұлттық дәстүрлермен мәдениетті насихаттау» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуге ақпараттық топпен бірге аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, Д.Құрманбек атындағы №20 колледж директоры Талғат Бейсен, жастар ресурстық орталығының теолог маманы Назира Сауытбаева және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында Түркістан облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Халыков Медет Мұзапбарұлы мен Қызылорда облысының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Оспанов Бахтияр Есенкелдіұлы баяндама жасап, ең басты құндылық діни бірегейлік, бабалар ұстанған діни жолды жаңғырту және өскелең ұрпақ арасында молынан дәріптеуде екендігін атап өтті.
Тағылымы мол кездесуде жастар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын қойып, мамандар тарапынан толыққанды жауап алды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары: «Тәрбие беруде ұлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетер болсақ, жастарымыз Қазақстан қоғамының әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне жоғары мәдениетті деңгейде бейімделе алады деп ойлаймын»-дей келе, жастарға жасалған барлық мүмкіндіктерді пайдаланып сапалы білім алып, кәсіп меңгерудің маңыздылығын жеткізді.
 
Возможно, это изображение 4 человека и текст
 
Возможно, это изображение 10 человек, люди учатся и стол
 
Возможно, это изображение 14 человек, люди учатся, стол и текст
Возможно, это изображение 4 человека и люди учатся
Возможно, это изображение 2 человека, люди учатся и текст
Возможно, это изображение 7 человек и люди учатся
Возможно, это изображение 17 человек, люди учатся и текст
0 пікір