
Бүгін Кентау қаласында Дін атын жамылған қайырымдылық мекемелеріне қатысты кездесу өтті. Аталмыш шараға ардагерлер кеңесі, әжелер, имамдар, жастар өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері және қала тұрғындары қатысты.
Кездесудің мақсаты – діннің қазіргі қоғамдағы рөлі мен оның әлеуметтік үйлесімділікке, тұрақтылыққа және жеке тұлғаның рухани дамуына тигізетін әсері туралы пікір алмасу болып табылады. Дін мен қоғам арасындағы байланысты нығайту, діни толеранттылықты арттыру және жастар арасында дұрыс рухани бағыт-бағдар беру мәселелері талқыланды.
Кездесуге Түркістан облысы дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Халықов Медет Мұзапбарұлы жастардың ұлттық бірегейлігін сақтап, дәстүрлі дініміз бен мәдени құндылықтарымызды жастарға жеткізудегі маңызды мәселерді атап өтті. Кездесудің соңында қойылған сұрақтарға теолог маман тарапынан толық жауап берілді.