АҚШ елінің дін өкілдері мен Өзбекстан пасторларының қатысуымен конфессияаралық семинар өтті.
АҚШ елінің дін өкілдері мен Өзбекстан пасторларының қатысуымен конфессияаралық семинар өтті.
15.03.2023
555
0

Ағымдағы жылғы 14 наурызында Түркістан қаласында Қазақстан, АҚШ елінің дін өкілдері мен Өзбекстан пасторларының қатысуымен конфессияаралық семинар өтті.
Семинарға Дін істері комитетінің төрағасы Е. Нүкежанов, ҚР Бас Мүфтидің кеңесшісі Б. Нұржігітұлы, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Е. Күзембаев, Түркістан облыстық дін істері басқармасының басшысы Р. Сабыржанұлы,  АҚШ-тың «LYN Community» үкіметтік емес ұйымының президенті У. Кусак, Қазақстан, АҚШ елдерінің дін өкілдері мен Өзбекстан пасторлары қатысты.
Іс-шара барысында Е. Нүкежанов алғы сөз сөйлеп, Қазақстандағы діни ахуалы, халықаралық қатынастар мен конфессияаралық келісімнің маныздылығы туралы атап өтті.
Сонымен бірге, АҚШ-тың «LYN Community» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп өткізілген және жоспарланған іс-шаралар белсенді талқыланды.

0 пікір