Негізгі міндеттері:
• Дін саласына қатысты жұмыстардың бағыттары бойынша әдістемелік материалдар дайындайды;
• Дін саласындағы барлық деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру топтар (АТТ) үшін әдістемелік құралдар дайындайды, қажетті материалдармен қамтамсыз етеді;
• Дін саласындағы барлық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру топ мүшелеріне арналған оқыту-семинарлары бағдарламаларын дайындайды, өткізеді;
• Мемлекеттік тапсырыс аясында телебағдарламалардың, танымдық бейнематериалдардың тақырыптық, сценарийлік жоспарлары бойынша ұсыныстар дайындайды;
• Мемлекеттік тапсырыс аясында дайындалатын әдістемілік құралдардың мазмұны мен мәтіні бойынша ұсыныстар дайындайды;
• Интернет сайттарға дін мәселесі бойынша шығатын материалдар жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
• Орталықтың сайтын ақпараттармен қамтамасыз етеді, сайттың жұмысын жүргізеді;
• «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдеріне арналған біліктілігін жетілдіру курстары мен семинарларының өткізілуін дайындауға қатысады, оларды әдістемелік құралдармен қамтамасыз етеді;
• Облыстың, қала-аудандардың БАҚ-да жарияланатың материалдар бойынша ұсыныстар енгізеді және ол материалдарды дайындауға қатысады.
«Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімі