Ел екпеден неге үркеді?
Ел екпеден неге үркеді?
24.01.2024
557
0

       Қазіргі заманғы ата-аналардың барлығы вакцинация туралы білетініне күмән жоқ. Дегенмен, кейбір ата-аналардың баласына екпе ектіруге күмәнданатыны жасырын емес. Бұл таңқаларлық жағдай емес, өйткені олардың көпшілігі, әсіресе жас ата-аналар, балаларды вакцинациядан қорғайтын инфекцияларды, яғни вакцинация арқылы бақыланатын инфекцияларды кездестірмеген. Адамдар тек жұқпалы аурулардан зардап шекпейді, сонымен қатар әртүрлі асқынуларға немесе тіпті арты өлімге дейін апарады. Қатерлі вирустар бар екендігін ұмытып кетеді. Кейбір асқынуларға тоқталайық: аурудың ауыр түріндегі қызылшамен ауыратын құлақтың, өкпенің, трахеяның, бронхиттің және мидың қабынуы, эпипоритпен (шошқамойын) есту қабілетінің жоғалуы, мидың қабынуы, бедеулік, бауыр циррозы, дифтерияға дер кезінде емделу - тек ауру күндерінде, ол бірнеше сағатқа созылады және аман қалған жағдайда, басқа ауруларға қарағанда асқынуларды тудырады және ақыр соңында сал ауруына әкеледі.

        Вакцинация – бала күтіміндегі ең маңызды мәселелердің бірі. Өкінішке орай, ата-аналардың көпшілігі қандай аурулардың алдын алуға болатынын, сондай-ақ жоспарлы вакцинацияны қашан және қай уақытта жасауға болатынын білмейді. Осыған байланысты, жоспарлы вакцинация уақыты жақындағанда, ата-аналар екпенің қауіпсіздігіне алаңдайды. Вакцинация адам ағзасында белгілі бір ауруларға қарсы жасанды иммунитетті қалыптастырады.

       Вакцинациядан кейін ата-аналар балаға көп көңіл бөлуі керек. Екпеден кейін балаға төтенше жағдай туындаған жағдайда, ата-аналар баланы медициналық бақылауды қамтамасыз ету үшін вакцинация бөлмесінің алдында 30 минут бойы баламен бірге отыруы керек.

       Неліктен көптеген адамдар вакцинацияға күмәнмен қарайды?

       Коронавирус адамзат тарихындағы төтенше жағдайлардың бірі болды. Жаңа дүние пайда болса, адамдардың бір бөлігі оны қабылдаса, екінші бір бөлігі қабылдамайды. Алғашқы вакцина пайда болғаннан бері шамамен 225 жыл өтті. Алғаш вакцина шыққанда адамдардардың көпшілігі қорқып оны салдырудан бас тартқан. Бірақ кейін ойлап тапқан адамға алғыстарын білдіріп оны мойындаған.

       2020 жылы «Covid 19» ауруы пайда болып, арты әлемдік пандемияға ұласты. Бұл ауру біздің елді айналып өтпеді, қаншама қарттарымызды өзімен бірге ала кетті. Халық арасынан «Бізге екпе егіп, бізге чип орнатып жатыр, өлтірмекші» деп екпе алудан бас тартқандар болды. Вакцинатцияның 230 жылдық тарихы көрсеткендей, вакцинаға балама жоқ. Вакцинаны алмастыратын бірде-бір пайдалы және арзан дәрі табылған жоқ.

       Әрбір адам өзі үшін шешім қабылдауы керек: «Егер мен өмір сүргім келсе, мен вакцинаны аламын; егер мен ата-анамның өмір сүргенін қаласам, мен оларды вакцинация алуға шақырамын. Егер мен балаларымның бақытты және қауіпсіз болғанын қаласам, мен өз үйімдегі әрбір ересек адамға екпе жасаймын».

       Исламда вакцинацияға тыйым салынбаған. Ислам діні әрбір адамды өз өмірі мен денсаулығына дұрыс қарауды, аурулардың алдын алу мен емдеу жолдарын іздеуді міндеттейді. Болашақта вакцинация қажет болады. Бұл мәселе медицинаға қатысты, оны осы саланың мамандары жан-жақты зерттеп, оның адам денсаулығына тигізетін пайдалы немесе зиянды әсерін анықтап, оны қолдану жөнінде нақты шешім қабылдауы қажет.

       Ислам діні бойынша аурулардың алдын алу үшін екпе егу - мубах (яғни істеуі немесе істемеуі адамның өз еркінде). Мұндай екпе әр азаматтың келісімімен жүргізілуі тиіс. Ең бастысы қолданылатын вакцинаның құрамында зиянды заттар болмауы керек.

       Қоғамда жұқпалы (вирустық) аурулар көбейіп, өзіне де, өзгеге де зиянын тигізу мүмкіндігі артса, бұл ауруға қарсы екпе алу қажет болады.

Дана халқымыз «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын ем ізде» деген. Сондықтанда уақытылы екпе алып, өз денсаулығыңызға мән беріңіз. Тек профилактикалық  егулер ғана сізді  инфекциялық вирустардан сақтай алады.

 

Б. Тұрарбек

Теолог маман                                                                      

0 пікір