Жақсы қасиет – жан азығы
Жақсы қасиет – жан азығы
27.03.2024
692
0

Қасиет – адамның не бір заттың өзіне тән сапалық болмысын, ерекшелігін айқындайтын ұғым. Адам бойындағы қасиет жағымды және жағымсыз болып жіктеледі. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адами қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің  имандылығымен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Оның бірерін жіпке тізіп көрелік: жылы жүректі, талапты, адал, ізденгіш, терең ойлы, парасатты, инабатты, қайратты, жомарт, кеңпейіл, мейірімді, әдепті,  кішіпейіл,  ақылды, жүйрік ойлы, зейінді, жанашыр, сенімді, батыл, алғыр, адал, шыншыл, байсалды ойшыл, иманды, қайырымды. Бұлай санамалай берсең адам бойындағы асыл қасиеттер талай жүзге жетер. Ал, топтастырып зерделесек сегіздің арғы не бергі жағында екенін аңғаруға болады. Сондықтан да, казақ атамыз жігіттерін «сегіз қырлы болсын» деп бекерге айтпаса керек. Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.

Ж.Баласағұни адам Алланың көркем түрде, ерекше махаббатпен жаратқан жаратылысы. Барлық әлемдердің Раббысы жаратқан мақұлықтарының ішінде адамға ғана ой-сана, ақыл берді. Сөйлеу қабілетіне ие қылды. «Алла сендерді аналарыңның қарнынан еш нәрсе білмейтін түрде шығарды да сендерге есту, көру және ойлау қабылетін берді. Әрине шүкіршілік етерсіңдер» (Нахыл сүресі, 78-аят). Адам бойындағы барлық күшін қоршаған ортадан, алыс-жақын дүниеден алатыны белгілі. Соны сезіну, тану, білу арқылы ұғады, білімін арттырады, ойын толықтырады. Бірақ құдыретті сананың сан қилы саяси, философиялық, ғылыми, көркем әдебиеттің, діни қорытындылардың негізі – түрткісі, қайнар көзі сол объективті дүние, қоғамдық болмыс, өмірдегі түрлі іс-әрекет, шешілмеген, шиеленіскен мәселелер. Рухани бастаулар мен жан әлемінің тылсым дүнелері адам болмысына сәт сайын әсер етіп, ықпал жасайтыны осы заманда айқын сезілуде.

Адам жанының тағы бір маңызды жақсы қасиеті – шүкіршілік. Қолда барды бағалап, өмірдің сыйларына ризашылық білдіру бізді бақытты және қанағаттанарлық етеді. Алғыс біздің өмірімізге мән береді және қиын жағдайларда да жақсы жақтарын көруге көмектеседі.

Басқа адамдарға төзімділік пен түсіністік таныту да маңызды. Біздің әрқайсымыз бірегейміз, өзіміздің күшті және әлсіз тұстарымыз бар және айырмашылықтарға құрмет пен төзімділік таныту бізге үйлесімді қарым-қатынастар орнатуға және бейбіт қоғам құруға көмектеседі.

Біз адалдық – өз міндеттерін адал және жауапкершілікпен атқара білуді ұмытпауымыз керек. Жұмысқа және өмірге саналы көзқарас табысқа жетуге және басқалардың құрметіне жетуге мүмкіндік береді.

Адам бойындағы жақсы қасиеттің бірі адамгершілік бұл рухани тәрбие. Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өзін-өзі сыйламайды.

 

Сайып келгенде, адамның жан дүниесінің жақсы қасиеттері біздің әлемді жақсы орынға айналдырып қана қоймайды, сонымен қатар бізді жеке тұлға ретінде байытады. Жақсы қасиеттерді көрсетуге ұмтылу өзімізді жақсартуға және басқалардың өміріне оң үлес қосуға көмектеседі.

Машһүр Жүсіп адам бойындағы асыл қасиеттер – кісіліктің туындап қалыптасуының құнары. Кісіні қалыптастыру үшін оның тамырын тереңге жайып, осы құнардан нәр алатындай дәрежеге жеткізу шарт.

 

 

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – нің

теолог маманы                                                                              Б.Абдрахман

0 пікір