Экстремизмнің бастауы діни сауатсыздық
Экстремизмнің бастауы діни сауатсыздық
02.02.2024
985
0

Жалпы діни экстремизмнің негізгі тамыры – бұл сауатсыздық. Діни сауатсыздық дінді түсінбеуге, ал дінді дұрыс түсінбеу адасушылық пен қате-кемшіліктерге алып келетіні айдан анық. Осы орайда, дiни экстремизммен күресте ең маңызды қадам бұл дiни сауаттылықты жетілдіру екендiгi анық. Қазіргі таңда жастарымыздың көпшілігі діни білімді арнайы жоғарғы оқу орындарынан немесе медресе колледждерден  жетілдірудің орнына әлеуметтік желілелерден белгісіз бейресми парақшалардан ізденіп жатады.

Қазіргі замандағы адамдардың ең әлсіз тұсы – білімсіздік пен ғылым үйренуге деген құлшыныстың аздығы. Дін дегеніміз осы екен деп әлеуметтік желідегі жалған шейхтармен ұстаздардың сөзіне сенген азаматтарымыздың ақ-қарасын ажыратып жатпастан, соқыр сеніммен адасуларының бір себебі осы білімсіздікте жатыр. Сол бір білімсіздіктің арқасында қазіргі таңда ғаламтор желілері арқылы да, түйсігі қатаймаған жастар жат ағымның жолына оңай еріп кетуде.

Бірінші кезекте экстремистік және террористік ұйымдар ғаламторды желі қолданушыларының әлі қалыптасып үлгермеген санасына тез әсер ету үшін қолданады. Яғни, олардың негізгі нысанасы әлеуметтік жағдайы мен дүниеге деген көзқарасы толық қалыптаспаған жастар екендігі айқын. Жастар ғаламторға қатты сенім артып, барлық ақпараттарды ғаламтордан таба алатынына күмән келтірмейді, олардың үлкен қатерлерге апарып соқтыратын зияндылығын ескерусіз қалдырып жатады. Мысалы, деструктивті діни ағымның жeтегінде кеткендердің 88% пайызына осы әлеуметтік желі әсер еткені белгілі болды. Әрине ғаламторды қолданбаңыздар деуден аулақпыз, бірақта ғаламтордан ақ пен қараны ажырата алатындай білім ізденгеніміз дұрыс деп ойлаймын.

Біз жастарымыздың деструктивті діни ағымның жетегінде кетпес үшін, балаға тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек. Біз мемлекеттік жүйе ретінде шыдамдылыққа тәрбиелеуіміз қажет. Оларды пікірді құрметтеуге, имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеуіміз керек. Жалпы адамның жүрегінен мейірім кеткен кезде түрлі күштеу, мәжбүрлеу, қианат жасау, жәбірлеу сияқты қиянаттар қылаң береді. Сондықтан, мұның алдын алудың ең үлкен жұмысы осы мектепке дейінгі мекемеден басталуы тиіс. Бір ғана әдебиетпен, бір ғана кітаппен емес, бұл кәдімгідей жан-жақты қарастырылуы шарт.

Жалпы діни экстремизмнің негізгі түп тамыры – бұл сауатсыздық. Бір жақты оқу және әлеуметтік жағдайдың жоқтығы, мемлекеттің бір толыққанды идеологиясы болған кезде немесе идеология әлсіз болған кезде қылаң беретін дүниелер. Егер жастайынан белгілі бір мемлекеттік, діни идиеологияға дұрыстап тәрбиеленетін болса бала меніңше, мұндай әртүрлі ұшқары ойлар, төзімсіз іс-әрекеттер болмайтын еді. Сондықтан, бұл тікелей жаңағындай білімсіздіктен, сауатсыздықтан жүйелі бір идиологияның жоқтығынан туындайтын дүниелер болып табылады.

Діни сауаттылық дін туралы білім ретінде жалпы сауаттылықтың құрамдас бөлігіне айналуы тиіс. Барлық әлемдік, дәстүрлі, жаңа пайда болған діни ағымдардың тарихын, ілімін, құндылықтар жүйесінен танып-білу мен жалған діндердің, экстремистік топтардың белгілерін ажырата алу дағдысы қалыптасқан адамда радикалды идеяларға қарсы «ақпараттық иммунитет» қалыптасады. Осы тұрғыдан алғанда жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастырудың негізгі құралы ретінде «Дінтану» курсы өзекті бола түседі.

Қoрытa кeлгeндe, лaңкeстік пeн экстрeмизм идeoлoгиялaры жәнe бaсқa дa түрлі жaт пиғылды, жaт aғымдaрғa қaрсы жaстaр aрaсындa иммунитeт қaлыптaстыру aрқылы кeз кeлгeн жaт идeoлoгияның тaрaлуынa тoсқaуыл бoлa aлaмыз. Сoндaй-aқ, тaрих сaхнaсындa көрініс тaпқaн жaт aғымдaрдың жaңсaқ идeoлoгиялaрынa қaрсы тұрудaғы бaсты құрaл ғылым мeн білім eкeнінe көз жeткізeміз. Бaбaлaрымыз aқ білeктің күшімeн, aқ нaйзaның ұшымeн ұлaн-бaйтaқ жeрімізді жaудaн қoрғaп, кeйінгі ұрпaққa бeйбітшілік зaмaнын мұрa қылып қaлдырғaн eді. Aлaйдa, бүгінгі жaс ұрпaқтың eлді қoрғaудaғы бірдeн-бір жoлы ол ғылыммен тағылым.   

 

 Б.Абдрахман

Түркістан облысы дін істер басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ – нің     

теолог маманы 

0 пікір