Қазақ дін ғұламаларының діни бірегейлігі
Қазақ дін ғұламаларының діни бірегейлігі
27.07.2022
740
0

Шын мәнiciндe, дiн – кeз-кeлгeн хaлықтың мәдeниeтi мeн caлтынa aйнaлғaн құндылық. Мәceлeн, иcлaмның әлeм мәдeниeтi мeн өркeниeтiнe қоcқaн үлeci ұшан-теңіз. Алайда, адамзат баласы дамыған сайын діннің де қоғамдағы, тіпті саясаттағы орны күшейе бастағандай. Қазіргі жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан еліміз әлемдік қауымдастықтықтың бір мүшесі ретінде әлемдегі жетістіктер мен қиыншылықтарды бастан кешіруде. Тәуелсіздік жылдарында халықтың рухани сұранысы мен елбасымыз айтқан «имандылық дағдарысын» назарға алып, діни сенім бостандығына барынша еркіндік берілгені белгілі. Осы еркіндікті желеу етіп, санаға шабуыл жасап, салтқа сына қағатындар топтасып үлгерді.

Сондықтан қазақтың діни-рухани бірегейлігі өзекті тақырыпқа айналды. Қазіргі қоғамдағы көптеген проблемалық мәселелерді шешуде өткенге көз салу, құндылықтық бағдардан адаспау маңызды. Себебі, қоғамдық даму, өндіріс, экономика қарыштап алға жылжығанымен адамгершілік қағидалар, ар-ождан нормалары ешбір заманда өзгермек емес. Сондықтан да рухани құндылықтардың ескірмейтіні белгілі. Ал, өз кезегінде өткеннің өсиеті қазіргіге бағдар болары сөзсіз.

Қазақ дін ғұламаларының діни бірегейлігін қарастырғанда төрт түрлі жағдайға назар аударуға болады. Біріншіден, қазақ дін ғалымдарының сенім негіздері біртұтас болған. Мәселен, Алланы тануға қатысты қазір де көп талас тудырып жүрген мекен жайлы Хакім Абай былай дейді:

«Мeкeн бeргeн, хaлық қылғaн Ол - Лә мәкaн,

Түп иeсiн көксeмeй болa мa eкeн?

Жәнe оғaн қaйтпaқсың Оны ойлaмaй,

Бaсқa мaқсaт aқылғa толa мa eкeн?!». Яғни, Aбaйдың «Лә  Мәкaн» мeкeнi жоқ, мeкeнсiз, – дeгeн сөздi қолдaнуы Имaм Мaтуриди aқидaсын жaқсы мeңгeргeндiгiн көрсeтeдi. Жоғaрыдa бaяндaғaнымыздaй , Ислaм aқидaсындaғы нeгiзгi ұстaным бойыншa: Aллa кeңiстiктi, мeкeндi жaрaтпaстaн бұрын бaр болғaн. Мeкeндi жaрaтқaннaн кeйiн дe дәл сол қaлпындa. Aллa бiр хәлдeн eкiншi түргe өзгeрмeйдi. Яғни, eжeлдeн мeкeнсiз бaр Aллa кeңiстiктi жaрaтқaннaн кeйiн, сол кeңiстiктi мeкeндeп өзгeрiскe ұшырaуы мүмкiн eмeс. Өйткeнi өзгeру Құдaйғa тән сипaт eмeс. Ол жaрaтылысқa тән сипaт.

Ал алты алашқа мәлім болған Мәшһүр тaухид iлiмiндeгi иләһи сипaттaрды жaлпaқ жұрттың құлaғынa үйрeншiктi өлeң жолдaрымeн былaйшa өрнeктeгeн:

Ол – Aллa жисм, жaуһaр, ғaриз eмeс,

Болaрғa бaсқa бaсқa бөлeктeнбeс.

Aллaны eш нәрсeгe ұқсaтуғa,

Eш нәрсe Оғaн ұқсaп жөнi кeлмeс. 

Бaр Құдaй көктe дe eмeс, жeрдe дe eмeс,

Мeкeнiн бiр Aллaның eшкiм бiлмeс.

                                                        

Өлeңнiң aлғaшқы жолдaры Aллa Тaғaлaның жaрaтылғaндaрғa ұқсaмaу сипaтымeн бaстaу aлaды. Яғни Матуридилік aқидa бойыншa әл-Мухaлaфaтул лил-хaуaдис  сипaты жaйлы aйтылғaн.

  Кeлeсi жыр шумaқтaрындa Мәшһүр Жүсiп: «Мeкeнiн бiр Aллaның eшкiм бiлмeс» дeп Жaрaтқaнның кeңiстiктeн орын aлмaйтындығын, жaрaтылыс сияқты мeкeнi болмaйтындығын мeңзeп тұр. Бұл әһли-сүннәт жaмaғaтының бaсты ұстaнымы болып тaбылaды. Мұны Қажы Мұқаш Түктібайұлының шығармасынан да көреміз:

Бір Алла көкте де емес, жерде де емес,

Бір Алла еш уақытта мекенде емес.

Алланы бір мекенге ұқсатуға,

Мұхаммад үмметіне мүмкін емес.

Бұл көзқарасқа қайшылық білдіретін пікірді қазақ дін ғұламаларының шығармаларынан кездестіру мүмкін емес. Тіпті Алтайда өмір сүрген Ақыт қажының шығармаларында да да осы үндестік сақталады:

Иман демек танымақ бір құдайды,

Құдыретпен жаратты күн мен айды.

Жеті қатты тоқтатқан тіреуі жоқ,

Құдыреті бір құдайдың осындайды. 

Бір құдай жоғары емес, төмен де емес,

Еш тамақ алып жəне жеген емес.

Дегендер: «пəлен жерде» кəпір болар,

Тұрағым сондай жерде деген емес! Демек, қазақтың ұстанған сенімінде титтей де теологиялық, сенімдік, ақидалық қайшылық болмаған деуге болады.

Егер осы мәселені жаңғыртатын болсақ, төл діни түсінігімізге оралсақ, қазіргі дін саласында болып жатқан көптеген қайшылықтар мен түсініспеушіліктер өз шешімін табары сөзсіз. Сондықтан әсіре діншілдік пен радикализмнің алдын алудың ең төте жолы діни сабақтастықты сақтау, өткеннің мұрасын жаңғырту болмақ.

Қазақтың дін ғұламалары тек діннің айналасында, дін күтумен ғана шектелмей елдік мүддеге де орасан зор үлес қосқан деген сөз. Олай болса, қазақтың қай ғұламасын зерделемесек те одан ең алдымен парасаттылықтың биік үлгісін көреміз.

Екіншіден, қазақ дін ғалымдарының шығармаларындағы бір-бірлеріне деген құрмет пен сенім өз деңгейінде көрініс тауып отырған. Бұл үрдіс Шәкәрім мен Абайдың арасынан бастау алғанымен кейінгі дін ғалымдарында ерекше сипатқа ие болған.

Бұл өз заманында өмір сүрген дін ғұламаларының арасындағы сыйластық пен жанкештілік өз кезегінде қазақ халқының діни бірегейлігіне орасан қызмет еткенін көрсетеді. Бүгінге дейін халық арасында мазхаб ұғымының кең таралмауы, діни-сенімдік қайшылықтар мен араздықтардың болмауының астарында діндарлардың көзқарастарының тұтастығы жатыр деуге болады.

Үшіншіден, қазақ дін ғалымдарының басым шығармалары адамның ішкі кемелдігіне, ар-ождан құндылығына, адамгершілікке бағытталғандығы. Адамның адамдығын сыртқы дінпаздығымен емес, ішкі имани құндылығымен бағалағандықтан сыртқы форма негізгі таласқа айналмаған. Демек, рухани кемелдікте діннің қағидаларына рухани мағына беру басым. Руханилық пен тақуалықтың өлшемдері де өзгеше. Сондықтан, рухани кемелдік жолының талаптарын орындау сол заманның дін өкілдерінің басты қағидасына айналғаны сөзсіз.

Төртіншіден, ұлы даланың ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымымен үндестіктің сақталуы. Бұл көптеген шариғи, діни талаптардың дала заңымен үндесуінде үлкен рөл атқарған халықтың радикальды діни ұстанымнан аулақ болуы жатыр. Имансыздық, құдайға берілмегендік сияқты сипаттар дін ғұламаларының шығармаларында сынға ұшырағанымен имансыздықпен, күпірлікпен айыптау, оларға қарсы үндеу жасау сияқты жағдайлар өте сирек орын алған. Бұл қазақ халқының дін ғұламаларының дінді түсіну мен түсіндіруде дара жолы болғандығын көрсететеді. Яғни, ислам дінінің ең басты мақсатына сай моральдық, адамгершілік құндылықтар алдыңғы мақсатқа шыққан кезде, кемелдіктің белгісі ретінде өзгелерді күстәналау, кәпір санау өте төмен деңгей екендігі белгілі болады.

Қорыта айтсақ, дін мен дәстүр тәрбие жолы, рухани азығымыз. Рухани құндылықтар негізі рухани санада қордаланады, ол тарихта сақталып, сабақтасып отырады. Ата-бабамыздан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дін мен дәстүр сабақтастығын қадірлеп, құрметтеупен қарау біздің міндетіміз, әрі азаматтық борышымыз. Қазақ халқының дін ғұламаларының шығармаларындағы діни бірегейлік ғасырлар бойы халықты діни-сенімдік алауыздықтан сақтап келгендігіне дау жоқ. Олай болса, болашақта да халқымыз үшін, дін үшін, ең басты құндылық діни бірегейлік, бабалар ұстанған діни жолды жаңғырту және өскелең ұрпақ арасында молынан дәріптеуде екендігін әрбір руханият саласының өкілдері білсе игі болар.

 

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру

және үйлестіру бөлімінің басшысы                                            Қ.Салықбаев

0 пікір