«ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТЕГІ – АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
«ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТЕГІ – АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
07.11.2023
550
0
Бүгін оқу ордамызда «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының» қабылданғанына 75 жыл және 2024 жылы Қазақстанның «Бала құқықтары туралы Конвенциясын» қабылдауына 30 жыл толуына орай «Зайырлы мемлекеттегі – адам құқықтары мәселелері» атты конференция өтті. Аталған іс-шара Экономика, басқару және құқық факультеті, Құқықтану кафедрасының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Жиынға Құқықтану кафедрасының оқытушы-профессор құрамы, белсенді студенттер, профессор Досай Кенжетай, ҚМДБ өкілдері, имамдары және іс-шараға қолдау білдірген Түркістан облыстық департамент мен басқарма өкілдері де қатысты.
Конференцияның негізгі мақсаты – зайырлы мемлекеттегі адам құқықтары мәселелері бойынша тәжірибе мен білім алмасу.
Жиында алғашқы сөз тізгінін алған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» директоры, оқу ордамыздың түлегі Медет Халықов конференцияның маңызына кеңінен тоқталды. Өзі басшылық жасайтын орталықтың негізгі қызметімен таныстырды.
Дін мәселелерін зерттеу орталығының бағыттары: Интернеттегі әлеуметтік желілерде діни ақпарат тарату, тіркелу мәселелері бойынша құзырлы органдармен бірлесе мониторинг жұмыстарын жүргізу; Ақпараттық түсіндірме жұмыстарының жүргізілу тәртібі; деструктивті діни ағымның жетегінде кеткен азаматтарға теологиялық және психологиялық кеңес беру, оларды діни оңалту сынды өзге де бағыттары бойынша ақпарат берді. Зайырлы мемлекетте адам құқығының, таңдау құқықтарын дін мәселесін теріс пиғылда қолданушылардан сақ болуға шақырды.
Сонымен қатар, конференцияда Түркістан облысының Бас имамы Ержан Төлепов, Теология факультетінің деканы Досай Кенжетай арнайы баяндамаларын оқыды.
Аталған жиын Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет ретінде орнығуы жағдайындағы адам құқығы мәселелеріне арналды. Конференцияда: Зайырлы мемлекеттегі – адам құқықтарына қатысты ғылыми тұжырымдар; Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет жағдайындағы адам құқықтары мәселелері; Зайырлы мемлекеттегі әркімнің ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру мәселелері; Діни қызмет саласын мемлекеттік реттеудегі адам құқығы қорғау бағыттары қарастырылды.
 
Возможно, это изображение 1 человек, помост и текст «зайырль кайырль AXMET ясауи»
 
 
Возможно, это изображение 4 человека, помост и текст
 
Возможно, это изображение 1 человек, учится и текст
 
Возможно, это изображение 8 человек и люди учатся
 
Возможно, это изображение 1 человек, помост и текст
 
Возможно, это изображение 6 человек, толпа и текст
 
 
0 пікір