ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
29.04.2025
219
0

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының аппараты қызметкерлеріне деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ж.Жорабек қатысты. Дінтанушы маман елімізде интернетте, соның ішінде жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен ютуб видеоресурсында деструктивті діни ағымдардың уағыз насихаттары кең таралған. Облыс көлемінде жыл басынан ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес құқық бұзушылық фактілері жөнінде ақпарат берілді. Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндады.
Қатысушыларға діни мазмұндағы ақпаратты іздеу барысында тек қана ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды оқуға ғана болатынын ескертті.
Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы маман тарапынан толыққанды жауап берілді.

Возможно, это изображение 7 человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение 2 человека и текст

Возможно, это изображение 9 человек, люди учатся, отдел новостей и текст

Возможно, это изображение 1 человек

 

0 пікір