
Түркістан қаласында «Теріс діни ағымдардың алдын алу» мақсатында Облыстық «Түркістан-Ахмет Яссауи» орталық мешітінде Пробация есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог мамандары Мырзабай Қайсар мен Ештай Ерсұлтан және ҚМДБ Түркістан облысының бірінші наиб имамы Өсімхан Аманбайұлы және Түркістан облыстық Прокуратура өкілдері қатысты.
Кездесудің мақсаты дұрыс рухани бағыт-бағдар беру, түрлі ағымдарға ермеу мәселелері және діни ақпаратты тек қана еліміздегі рұқсат етілген мамандардан ғана алу, діни экстремизм мен теріс діни ағымдардың алдын алу, ұлттық құндылықтарды насихаттау жайлы түсіндіру болды.
Кездесудің соңында қойылған сұрақтарға теолог мамандар тарапынан толық жауап берілді.