Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ДДА жақтастарының алдын алу мақсатында спорт ұйымдары басшыларының қатысуымен, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директор орынбасары Д. Ағабеков, бөлім басшысы А.Дүйсеннің қатысуымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Діни құқықтық сауаттылық» тақырыбында жалпы кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында мамандар теріс ағымға кетудің салдары, діни экстремизм мен терроризм анықтамасы, діни ағымдардан сақтану, діни сауаттылықты арттыру, заң алдындағы жауапкершілік, дінге қатысты сенімді ақпараттармен танысуы, діни экстремизм мен терроризм қаупі, деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны, дәстүрлі исламның қазіргі кездегі пайда болып жатырған теріс діни ағымдардан айырмашылығын туралы мәлімет бере отырып, қатысушыларға өзін және жақындарын теріс діни ағымдардан сақтану үшін тұрақты иммунитет қалыптастыру жолдарын түсіндірді.
Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан көкейінде туындаған сұрақтарды қойып, тұшымды жауаптар алды.