
Түркістанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтайдағы бағдарламалық баяндамасын талқылауға арналған «Тұғырлы ел, тұрақты даму: Ұлттық құрылтай идеялары» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ғалым саласының қызметкерлері мен білім алушы жастар қатысты. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізіп отырды.
Алғашқы сөз Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, ғылым докторы Досай Тұрсынбайұлы Кенжетай «Діннің қазақ руханиятындағы орны» тақырыбында өз ойын ортаға салды.
Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы Төлепов «Дәстүрлі құндылықтарды қалыптастыруда имамдардың рөлі» жөнінде баяндама жасады;
Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Мұзаппарұлы Халықов «Дін саласындағы заңнамалық өзгерістер – заман талабы» атты тақырыпта пікір білдірді;
Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Балғабаев Ерболат Темірболатұлы қатысты.
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев кездесудің қорытынды сөзін сөйлеп, Ұлттық құрылтай аясындағы дін саласына қатысты маңызды ойларымен бөлісті.
Жиын соңында қатысушылар сұрақтар қойып, пікірлерін ортаға салды. Шара модераторы Ертай Алтаев кездесуді қорытындылай келе, бүгінгі жиынның рухани тұтастықты нығайтуға және қоғамдық келісімді арттыруға қосар үлесі зор екенін атап өтіп, барша қатысушыларға алғысын білдірді.