ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
12.03.2025
133
0

Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобы Төлеби ауданына қарасты қарасты Бірінші Мамыр ауылдық округі Бірінші Мамыр, Тағайна, Ынтымақ, Әл-Фараби, Жанажол, Алтынсарин ЖББМ-нің жоғарғы сынып оқушылары арасында кездесу өтті.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қ.Салықбаев, Төлеби ауданы ішкі саясат бөлімінің маманы А.Құрманалиев, АТТ мүшесі аудандық, «Нұр» мешітінің найб имамы Ж.Жаппаров, аудандық білім бөлімінің бас маманы Н.Қырбасов, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің, Төлеби аудандық филиалының маманы Ж.Еркінбек жэне Төлеби аудандық ақсакалдар кеңесінің төрағасы С.Бекмұрзаев қатысты.
Кездесу барысында аудан көлемінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Шетелде діни білім алудың қауіптілігі» және «Этносаралық қарым қатынас, есірткі мен нашақорлық, құмар ойын, мектептегі әлімжеттік, құқықбұзушылық» атты тақырыптарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, іс-шара соңында қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Возможно, это изображение 7 человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение 6 человек

Возможно, это изображение 3 человека, стол, телевизор и текст

Возможно, это изображение 8 человек и текст

Возможно, это изображение 6 человек, люди учатся и текст

0 пікір