
Түркістан облысы Дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің теолог маманы Қосмаханов Қуаныш Созақ ауданында бірқатар кездесулер өткізіп, ұлттық құндылықтар мен дін тақырыптарын кеңінен түсіндірді.
Созақ ауданында орналасқан Kazatomprom уран өндіруші кен орындарында АТТ жұмыстары өтті. Атап айтқанда Мыңқұдық ЖШС, Жалпақ ЖШС, Орталық ЖШС, Аппақ ЖШС, Волков геология АҚ ГРЭ-7 ЖШС, ИНКАЙ БК ЖШС, Қаратау ЖШС, Буденовское ЖШС өндіріс орындарында жұмысшылармен ҚР 2011 жылғы Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы, Зайырлылық ұстанымы, терроризм мен экстремизм қауіптілігі, деструктивті діни ағым мүшелерінің сыртқы келбеті және рухани психологиялық ерекшеліктері жайында түсіндірілді.
Бұл кездесулердің басты мақсаты – жастар мен өскелең ұрпақтың діни сауатын арттырып, ұлттық болмыс пен дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу.