Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде "Ұлттық сараптамалық талдау орталығы" Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара қаласында орналасқан №16 колледж студенттері және аудандық АТТ мүшелерінің қатысуымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», «Дін және жастар», - тақырыбында семинар тренингке Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ - нің директоры, Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі М.Халықов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Нұрахов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, «Ұлттық сараптамалық талдау орталығы» Қоғамдық қорының төрағасы М.Ержігітов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Оспанов, әдіскер, теолог маманы А.Данияров, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мүталиев және БАҚ өкілдері қатысты.