САУРАН АУДАНЫНДА АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
САУРАН АУДАНЫНДА АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
23.05.2025
342
0

САУРАН АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сауран ауданында  «Сауран ауданы Төтенше Жағдайлар Бөлімі»,  «Сауран ауданы Мәдениет үйі», «Кітапханалар жүйесі КММ», «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», «Сауран ауданы Мансап орталығы филиалы», «Жастар ресурстық орталығы» мекеме қызметкерлеріне Деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Мырзабай Қайсар қатысты.

Кездесудің мақсаты дін саласындағы тұрақтылықты сақтау,  ғаламтор жүйесіндегі жалған діни ақпараттардан сақтану, діни экстремизм мен теріс діни ағымдардың алдын алу,  діни ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алу  жайлы түсіндіру болды.

Кездесудің соңында қойылған сұрақтарға теолог маман тарапынан толық жауап берілді.

 

 

 

 

Возможно, это изображение 7 человек и люди учатся

0 пікір