Түркістан облысы Сауран ауданында деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында “Заңғар-М”мектеп-интернатында, Қазыбек би атындағы жалпы білім беретін мектебінде, А.Югнаки атындағы жалпы білім беретін мектебінде, М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебінде, Jalil Abdullaev зияткерлік мектебінде “Деструктивті діни ағым жақтаушыларының ерекшеліктері” және “Шетелде діни білім алудың қауіптілігі тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог мамандары Өтеген Бердуәлі және Мырзабай Қайсар қатысты.
Кездесудің мақсаты дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, діни экстремизм мен теріс діни ағымдардың алдын алу, ұлттық құндылықтарды насихаттау болды.
Семинар соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.