
Қазіргі таңда азаматтардың дәстүрлі діннен адасып, өзге діннің жетегінде кетіп жатқандығы - қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Өйткені, ислам діні біреу болғанымен сан тарауға жіктеп алып, ел арасында іріткі салып жүргендер де қатарымыздан табылуда. Сондықтан, олардың ең басты көздегені – діни білімі аз, көзқарасы қалыптаспаған азаматтарымыздың санасын улау. Әрі қарай, өз қатарына тартып, түрлі арандатушылыққа итермелеу болып отыр.
Осы орайда Республикалық ақпараттық-түсіндіру топ мүшесі Мұсабек Ақтамберді және Түркістан облысының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің басшысы Халықов Медет №17 колледжі мен Арыс гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттеріне «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыптарында дәріс оқыды.
Жиынның мақсаты халық арасында дәстүрлі дінімізді таныту, ақпараттық түсіндірме арқылы діни ағымдар мен секталардан сақтандыру болып табылады.
Жиын барысында тақырыпқа байланысты сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынып, тұщымды жауаптар берілді.