РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ САУРАНДА
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ САУРАНДА
02.11.2023
683
0
Сауран ауданында елге танымал дінтанушы, ғалым Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерінің қатысуымен Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінде, білім беру мекемлеріндегі «Жаһандық құзыреттілік» пәні мұғалімдеріне, арналған кездесу өтті.
Кездесуді Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Қалеке ашып, бұл кездесудің маңыздылығын және қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе қатарында екенін айтып, келген қонақтарды таныстырды.
Бүгінгі іс-шараның мақсаты жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану және дәстүрлі құндылықтарымызды дәріптеу, кереғар ағымдар жайында хабардар ету және де шетелде діни білім алудың қауіпті екенін түсіндіру. Бұл кездесуге арнайы дінтанушы, ғалым Жандарбек Зікірия Заманханұлы, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, аға оқытушы, ХҚТУ доценті Оразбай Сержан Қарсыбайұлы, Түркістан облысы Дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ж.Жорабек қатысты.
Кездесу барысында Түркістан облысы Дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ж.Жорабек елімізде тыйым салынған түрлі ұйымдар әлеуметтік желілер мен ғаламтор ресурстары арқылы белсенді алдап-арбау жұмыстарын жүргізеді. Облыс көлемінде жыл басынан ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес құқық бұзушылық фактілері жөнінде ақпарат берілді.
Қатысушыларға діни мазмұндағы ақпаратты іздеу барысында тек қана ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды оқуға ғана болатынын ескертті.
Кездесу соңында теолог мамандар қатысушылар пікірін біліп, қойған сұрақтарына жауап берді.
 
Возможно, это изображение 9 человек и текст
 
 
Возможно, это изображение 5 человек и текст
 
Возможно, это изображение 5 человек, осветительное оборудование и текст
 
Возможно, это изображение 3 человека
 
Возможно, это изображение 3 человека, помост и текст
 
Возможно, это изображение 2 человека, люди учатся, толпа и текст
 
Возможно, это изображение 6 человек, люди учатся и текст
 
Возможно, это изображение 4 человека и люди учатся
 
 
0 пікір