
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау алаңында - облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдады. Қабылдауды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы жүргізіп отырды.
Мемлекетте барлық діндер тең құқылы және олардың бәріне бірдей талаптар қойылады. Алайда ел ішінде дін істеріне қатысты түрлі сауалдар туындап жататыны рас. Қоғамдық қабылдауға жазылған Түркістан қаласының тұрғыны Д.Абсаматова мемлекеттік мекемеде қызметкерлерге намаз оқу үшін арнайы намазхана қарастырылған ба немесе ашуға рұқсат етуге болама деген сұрағын айтты. Сұрағын мұқият тындаған басқарма басшысы мемлекеттік мекемелерде намазхана бөлмесін ашуға рұқсат етілмейтіндігі түсіндірілді.
Ал, сайрамдық Алина Оразқожа қазіргі таңда кейбір хиджаб киетіндердің толық жүзін жауып жүру үрдіске айналғанын, бұл мәселе бойынша басқарма тарапынан қандай да бір шара бар ма, деген сауалын жолдады. Осынау мәселе, жергілікті тұрғындарды ғана емес, еліміз билігін алаңдатып отырғанын еске салған басқарма басшысы заңмен бекітілгенде ғана шешімін табатынын атап өтті.
Қоғамдық қабылдауға жазылғандар одан бөлек мешіттердің тазалығы, әлеуметтік желідегі теріс ағымдағы сайттарға қатысты сауалдар жолдады. Рүстем Сабыржанұлы әр сұраққа барынша тиянақты, заң шеңберінде жауап берді.