ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
23.05.2025
316
0

Қазығұрт ауданында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Елімізде діни тұрақтылықты сақтау, жастар арасында ұлттық, рухани құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында Қазығұрт ауданында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Дүйсен, аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Б.Мәлік және мекеме қызметкерлері қатысты.

Өткен орындар:
1. Қазығұрт аудандық «11- колледж»
2. «Мансап орталығы» КММ
3. «Отбасын қолдау орталығы» КММ
4. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ
5. Тұрбат ауыл тұрғындары, ауыл ақсақалдары, әжелер алқасы, ауыл билері және белсенді тұлғалар
6. Қазығұрт ауыл тұрғындары, ауыл ақсақалдары, әжелер алқасы, ауыл билері және белсенді тұлғалар қатысты.
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары барысында:
- Дін ұстану мен салт-дәстүрдің маңыздылығы,
- Деструктивті діни ағымдардың қоғамға қаупі
- Жат ағымдардың ерекшеліктері
- Ғаламтор жүйесіндегі жалған діни ақпараттардан сақтану
- Дінге қатысты заңнамалар
- Діни әдебиеттерді оқу мен тарату.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, дінтанушы, теолог маман дәйекті жауаптар берілді.

 

 

 

 

Возможно, это изображение 6 человек, люди учатся и больница

0 пікір