
Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ жанынан құрылған «Күлтөбе» медиа студиясының «Тағылым» бағдарламасында «Қазақстанда теологиялық білім алудың мүмкіндіктері және шетелде діни білім алудың қауіптілігі» тақырыбындасұқбат жүргізілді. Сұқбатқа Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің теология факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты Сұлтанмұрат Абжалов және Сарыағаш медресе-колледжінің директоры, исламтанушы Дінмұхаммед Сманов арнайы қонақ болды.
Сұқбат барысында қонақтар еліміздегі жалпы діни ахуал, тәуелсіз Қазақстандағы дінтану-теология саласының тарихы мен кезеңдері, өңіріміздегі діни білім берудің әлеуетіне тоқталды.
Сонымен қатар дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі шетелдегі діни білім алудың қауіптілігі турасында ой өрбітіп, пікір алмасты. Діни білім ізденуші жастарға теологиялық білім алудың ерекшеліктерін түсіндірді.