Наиб мүфти аудан имамдарына дәріс оқыды

Бәйдібек ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төраға орынбасары, наиб мүфти Шоқанов Сансызбай қажы Құрбанұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысының бас имамы Ержан қажы Сматұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен, ауданның белсенді жастарымен кездесіп, ауданның 100 мың кітап қоры бар кітапхананың тыныс-тіршілігі мен танысты.
Наиб мүфти аудан имамдарына, жастарды жат діни ағымдардан сақтандыру және ғаламтор беттеріндегі түрлі деструктивті сипаттағы кереғар діни ағымдар мен олардың радикалды бағыттағы уағызшыларына, әдебиеттеріне қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастырудағырухани тәрбиенің дұрыс бағытта жүзеге асуына баса мән беру керектігі жөнінде дәріс оқыса, Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы «Жастарды жат діни ағымдардан сақтандыру жолдары» тақырыбында баяндама жасады.Аталған шара алдағы уақытта облыс көлемінде өз жалғасын тауып, жастар арасындағы түрлі түйіткілді діни мәселелердің дер кезінде шешімін шығару арқылы ғаламтордағы теріс діни бағыттағы топтардан жастарды сақтандыру. Аталған бағыт бойынша жүйелі түрде жұмыстарды жандандыру мен жалғастыру көзделмек.