МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

"IHSAN" ғылым және мәдениет орталығы төрағасы Тимур Нүсіпхан Түркістан облысы дін істері басқармасы арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында іссапармен келді. Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы мен "IHSAN" ғылым және мәдениет орталығының төрағасы Тимур Нүсіпханмен өзара бірлесіп, екі мекеме арасында меморандумға қол қойды. Меморандум мамандардың кәсіби дамуына жол көрсету және елдің рухани дамуына үлес қосу мақсатында жасалынды. Қазіргі қоғамдағы осындай ынтымақтастық қадамдары дін мамандарының өзара тәжірбие алмасуда және олардың қоғамдағы өзекті болған мәселелерді дер кезінде шешу жолдарын қарастыруда маңызды рөл атқарады.