МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЖОЛЫНАН САҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЖОЛЫНАН САҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
14.04.2025
601
0

Түркістан Дін Істері Басқармасы Дін Мәселелерін Зерттеу Орталығы КММ-нің Сайрам ауданындағы теолог Ұлықбек Алиакбарұлы және аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерінің қатысуымен Сайрам ауданы “№27 Аққала ЖББМ” оқушылары мен ұстаздары арасында діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын парақшалардан сақтану жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – аудан жастары арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы келешек буынның діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру болып табылады.
Кездесу барысында тақырыпқа байланысты бірқатар сұрақтар төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынып, тиісті жауаптар берілді.

Возможно, это изображение 16 человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение 4 человека, люди учатся и текст

 

0 пікір