KULTOBE МЕДИА СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ!
KULTOBE МЕДИА СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ!
12.12.2024
321
0

Бүгін Түркістан қаласы "Достық үйі" ғимаратында Облысымызда діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық келісімді нығайту және зайырлылық қағидаттарын ілгерілету мақсатында Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ жанынан «KULTOBE» медиа студиясы ашылды.

Ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімінің орынбасары Алтаев Ертай Кенжебекұлы, Қазақстан Республикасы ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Қалмұрзаев Болат Аюбайұлы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Сәлімов Алмас Алтайұлы, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жанғазиева Эльмира Ұласбекқызы, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Абдіқұлов Созақбай Исаұлы қатысты.

«Kultobe» медиа студиясы өңірдегі рухани жаһандану, шығармашылық еркіндікті қолдау және жастар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыруды мақсат етеді. Бұл тек медиа саласын ғана емес, жалпы өңірдің руханиятын байытуға да өз үлесін қосады.

 

Возможно, это изображение 7 человек и текст

 

Возможно, это изображение 9 человек и текст

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение телевизор и текст

Возможно, это изображение 1 человек и текст

 

 

0 пікір