Келес ауданында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Келес ауданында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
12.05.2025
149
0

2025 жылғы 12 мамыр күні Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теологы Әбухан Нұрдәулет Келес ауданында бірқатар маңызды кездесулер өткізді:
1. Келес ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде “Діни ағымдар — қауіпті қозғалыс” тақырыбында жиын өтті. Қызметкерлерге деструктивті ағымдардың қауіптері, тану жолдары мен құқықтық жауапкершілік туралы айтылды.

2. Қызылтаң шекара бекетінде “Шетелден келетін діни әдебиеттерден сақтану” тақырыбында жиын ұйымдастырылды. Шекара қызметкерлеріне экстремистік мазмұндағы ақпараттарды тану және алдын алу бойынша нақты кеңестер берілді. 25 жуық қызметкер қатысты.

3. №21 жалпы білім беретін мектепте “Діни экстремизмнен сақтану” тақырыбындағы кездесуге 200-ге жуық оқушы қатысты. Теолог жастарға жат ағымдардың белгілерін түсіндіріп, сауатты діни таным қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Возможно, это изображение 4 человека, помост, больница и текст

Возможно, это изображение 9 человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение 7 человек и текст

Возможно, это изображение 2 человека, скорая помощь и текст

 

Возможно, это изображение 4 человека и люди учатся

 

0 пікір