
Түркістан облысы Дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің теолог маманы Әбухан Нұрдәулет Келес ауданында бірқатар кездесулер өткізіп, ұлттық құндылықтар мен дін тақырыптарын кеңінен түсіндірді.
1️⃣ №53 “Құркелес” жалпы білім беретін мектебінде оқушылармен “Дін мен дәстүр” тақырыбында кездесу өтті.
2️⃣ №54 мектепте “Дін дәстүрден бөлек емес” тақырыбында ашық әңгіме өрбіді.
3️⃣ “Аяулым” балабақшасының ұжымымен “Ұлттық құндылықты сақтау” жайында пікір алмасу ұйымдастырылды.
4️⃣ №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде “Тән – Алланың аманаты” тақырыбында тәрбиелік бағыттағы кездесу өтті.
5️⃣ Ұлттық спорт клубында өткен басқосуда “Дәстүрлі ойындар – ұлттығымызды сақтау” тақырыбы кеңінен талқыланды.
Бұл кездесулердің басты мақсаты – жастар мен өскелең ұрпақтың діни сауатын арттырып, ұлттық болмыс пен дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу.