Ғалымдардың қатысуымен «ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Ғалымдардың қатысуымен «ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
05.06.2025
481
0

Ғалымдардың қатысуымен «ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Түркістан өңірінде ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи-мәдени мұралар мен қасиетті орындар – халқымыздың терең болмысын, дүниетанымын және өмір салтын паш ететін рухани байлық жетерлік. Осы құндылықтарды ұрпаққа жеткізу және кеңінен насихаттау үшін «Дала өркениеті» атты танымдық видеотүсірілім қолға алынды.
Жобаның негізгі мақсаты – өңіріміздің сакральды орындарын заманауи форматта кең аудиторияға ұсыну. Осы арқылы көрерменге өткеннің ізімен саяхат жасап, ата-бабаларымыздың қалдырған мұраларымен, олардың өмір салтымен, діни-рухани дүниетанымымен терең танысу мүмкіндігін беру.

Бұл бағытта облыс әкімінің орынбасары Е.Алтаевтың тапсырмасына сәйкес жұмысшы топ құрылды. Топтың құрамында Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандыры және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ жанындағы Археологиялық ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері бар.

Бүгінгі өткізілген семинар-кеңеске Дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ жанындағы Археологиялық ғылыми зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы Мұрғабаев Сағынбай, жетекші ғылыми қызметкер, PhD докторы, Бахтыбаев Мэлс Маратұлы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті «Журналистика» кафедрасның PhD доктор, аға оқытушысы Байболов Мырзахан Байжанұлы және Дін істері басқармасының бөлім басшылар, мамандары, «Дін мәселелері зерттеу орталығы» директорының орынбасарлары, бөлім басшылары мен мамандары қатысты.

Аталған жоба облысымыздағы 14 аудан мен қалаларда орналасқан қырықтан аса ең негізгі әулиелі орындарды қамту көзделіп отыр.
Түсірі
лім жұмысы бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың қазан айына дейін жалғасатын болады.

 

Возможно, это изображение 3 человека и текст

 

 Возможно, это изображение 3 человека, люди учатся, отдел новостей и текст

Возможно, это изображение 9 человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение 9 человек, люди учатся и текст

0 пікір