«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында семинар өткізілді
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында семинар өткізілді
21.05.2025
273
0
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Түркістан облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды.
Ағымдағы жылдың 20-21 мамырында Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» музейінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-ның қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қоры және Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға Дін зерттеу орталығының, мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – риторика маманы Аманбек Толқын және педагогика және психология маманы Тойғанов Мырзабек Сардарбекұлы семинар оқыды.
Сонымен қатар, Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлына және дәріскерлерге семинар-тренинг барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.
 
 
 
 
 
 
 
0 пікір