«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті
12.09.2023
191
0
 
Ағымдағы жылдың 7-8 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастырумен «Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері өтті.
Аталған шараға облыстық дін істері басқармасы мен оған қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің, «Ақниет» ҚҚ қызметкерлері мен облыстық, қалалық, аудандық дін саласы бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері қатысты.
Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – риторика маманы Аманбек Толқын «Риторика. Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру» тақырыбында,  Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы «Зайырлылық қоғамдық келісім мен тұрақтылытың негізі ретінде», «Қазақстандағы діни ахуал: негізгі мәселелер мен тендициялар» тақырыбында, дінтанушы, теолог Оспанов Дәлелхан «Ислам әлеміндегі алауыздықтың себептері мен шешу жолдары», «Оңалту жұмыстарын тиімді жүргізу жолдары» тақырыптарында, дінтанушы, Нұр-Мүбарак Египет ислам  мәдениеті университеті, дінтану кафедрасының доценті, PhD Абылов Тұңғыш Талғатұлы «Діндарлық әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде», «Қазақстандағы тәңіршілдік: тарихы және қазіргі жағдайы» тақырыптарында дәріс оқыды.
Семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды. Қатысушыларға сертификаттар табысталды.
 
Возможно, это изображение 5 человек и помост
 
Возможно, это изображение 6 человек
 
Возможно, это изображение 8 человек, помост и текст
 
Возможно, это изображение 5 человек, стол и помост
0 пікір