«Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» және «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында кездесу өтті
Қоғамдағы тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі, Қазақстандағы діни дәстүрлердің жаңғыруы мен дамуы, діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге, қоғамдық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мақсатында Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің басшысы – Қ.Салықбаев пен «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімінің басшысы – Ж.Жорабектің қатысуымен мемлекеттің дін саласындағы тұрақтылығын сақтау, қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайту, халықтың кез келген нысандар мен көріністегі діни экстремизм мен радикализм идеологиясына иммунитетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шараға: Түркістан облысы әкімдігінің басқарма (22 басқарма) қызметкерлері қатысты.
Шара барысында еліміздегі діни жағдай, діни экстремизм мен терроризм қаупі, деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны және дін мен дәстүрдің сабақтастығы туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Дінтанушы маман елімізде интернетте, соның ішінде жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен ютуб видеоресурсында деструктивті діни ағымдардың уағыз насихаттары кең таралған. Облыс көлемінде жыл басынан ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес құқық бұзушылық фактілері жөнінде ақпарат берілді. Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндады.
Қатысушыларға діни мазмұндағы ақпаратты іздеу барысында тек қана ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды оқуға ғана болатынын ескертті.
Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.