Бәйдібек ауданында кездесулер өтті

Түркістан облысы Дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің теолог маманы Қосмаханов Қуаныш Бәйдібек ауданында бірқатар кездесулер өткізіп, ұлттық құндылықтар мен дін тақырыптарын кеңінен түсіндірді.
Бәйдібек ауданында орналасқан Мыңбұлақ, Қосбұлақ, Қайнарбұлақ, Мәдениет ауылдары мен жалпы орта мектептерінде АТТ жұмыстары өтті. Ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларында ҚР 2011 жылғы Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы, Зайырлылық ұстанымы, терроризм мен экстремизм қауіптілігі, деструктивті діни ағым мүшелерінің сыртқы келбеті және рухани психологиялық ерекшеліктері жайында түсіндірілді.
Бұл кездесулердің басты мақсаты – жастар мен өскелең ұрпақтың діни сауатын арттырып, ұлттық болмыс пен дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу.




Көп оқылғандар