Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ мен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторымен бірлесе отырып,
11.03.2024
654
0

 «Ұлағатты ана – ұлт мерейі» атты тақырыпта Кентау қаласының орталық мешітінде әйел азаматтардың қатысуымен кездесу болып өтті.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Сейдуәлі, Кентау қаласы бойынша «Әйел-қыздар» секторына жауапты ұстаз З.Мамонова, Кентау қаласының ардагерлер кеңесінің жанындағы «Әжелер алқасының» төрайымы Р.Жұмабаева қатысты.
Кездесуде бүгінгі қоғамдағы дінге қатысты мәселелер, ұлттық құндылықтар, дін ұстану мен салт дәстүрдің маңыздылығы, дінге қатысты заңнамалар, діни әдебиеттерді оқу мен тарату, қыз балалар тәрбиесі мен оқу орындарындағы діни заттарды пайдаланудағы мәселелер қамтылып өтті. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толықтай жауап берілді.
Сонымен қатар мұсылмандардың қасиетті айы Рамазан айының келуіне байланысты діни сұрақтар да қойылып, ұстаздар тарапынан тұшымды жауаптар берілді. Алдағы уақытта мұндай кездесулер облысымыздың басқа да аудандарында ұйымдастырылып, әйел азаматтардың көкейінде жүрген сұрақтарға әйел ұстаздар мен мамандар жауап беретінін атап өтті.

0 пікір