ТҮЛКІБАС АУДАНЫ «ЛЕРМОНТОВ» АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
20.05.2026
160
0

Түлкібас ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және шетелде діни білім алудың қауіп-қатері жөнінде түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов, орталық маманы Мырзабай Қайсар, сондай-ақ Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Кәлмен Бақдәуір Тынысбекұлы мен аудан прокуратурасының прокуроры Саржан Еркебұлан Ержанұлы қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Кездесу барысында «Заң мен Тәртіп» қағидатын насихаттау аясында дін саласына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салу жөніндегі заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға теолог мамандар тарапынан толыққанды жауаптар берілді.

0 пікір