Таза Қазақстан!
Туған жердің тазалығы әр адамға парыз болса, «Таза Қазақстан» акциясы соның алғышартын қалыптастыратын дәстүрге айналмақ. Оны Президенттің сөзінен аңғаруға болады: «Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе».
Бүкіл Қазақстанды таза ұстау өзімізге, жастарға байланысты. Сондықтан жастарға артылар үміт көп.