Ислам дінінде қастерлі екі мереке болса, соның бірегейі және ұлығы – Құрбан айт. Ертең құрбан айттың алғашқы таңында еліміздің барлық мешіттерінде Айт намазы оқылады. Алдағы үш күнде мұсылманның атқаратын ең жақсы ісі – құрбан шалу. Пенденің шалған құрбандығы Қиямет күні оның пайдасына куәлік береді делінеді.
Құрбан айт – игілік пен мейірім мерекесі. Ал, құрбандық – құлшылық амал. Ірі шахардағы ағайынға оңтайлы болу үшін құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған «qurban2023.kz» сайты жұмыс істеп тұр. Азаматтар осы сайт арқылы малын таңдай алады. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі.
@muftiyatkz
@fatua_kz
#taunews#taunewskz#taunewsqaz#новости#казахстан#ислам#дін#оразаайт#құрбанайт#құлшылық#айтнамаз#дінислам#дінимереке