Президент кеңесшісі Түркістанға келді.
27.09.2024
315
0

Түркістан қаласы "Ақжайық" музыкалық мектебінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жиыны өтті.
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Түркістан облысының дін өкілдерімен кездесті. Жиынға Түркістан облыстық Дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы модераторлық етті. Кездесуде Президент жолдауы аясында елімізде іске асырылған жобалар жөнінде айтылды. Сонымен қатар, 6-қазан күні өткелі отырған республикалық референдумға тұрғындарды белсенді қатысуға шақырды.
Жиында Түркістан облысының Бас имамы Е.Төлепов мемлекет басшысының әрбір бастамасын қолдайтындықтарын жеткізді. Сондай-ақ , осы уақытқа дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы ретіндегі бұл жолдау облыс тұрғындарына ерекше серпін бергендігін айтты

0 пікір